Жасанды интеллект қауіпті ме? | Анығында

Әлемдік технология индустриясы екіге бөлінді. Жасанды интеллекттің зерттеушілері GPT-4-тен жоғары технологияның сынағын уақытша доғаруға келіспей отыр.

Естеріңізде болса 1400-ге жуық жоғары компания басшылары мен ғалымдар жасанды интеллектің әлеуетін бағамдап, қолдану ережесін бекіткенге дейін сынақтарға үзіліс жасауды ұсынды. Өйтпеген жағдайда адамзатқа қатер төнетінін айтып, ашық хат жолдаған.