Ономастика саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру | Депутаттық сауал
Қазақстанда тәуелсіздік алған кезеңнен бері ономастикалық жұмыс жанданып, кезінде түрлі себептермен және саясаттың ыңғайымен өзгеріп кеткен қазақтың жер-су аттары мен елді мекендерінің біразының тарихи атаулары қайтарылып, ақиқат орныға бастады. Әрбір елді-мекендер, қалалар мен кенттердегі көше атаулары да заман талабына сай, біртуар тұлғалардың есімдерімен аталып жатыр. Атала береді де. Алайда осы көшелерге ат беруде және елді-мекендердің кейбіреулерін қайта атауда белгілі бір тәртіптің жоқтығы қынжылтады.