Қу тақыр жерді қалай қылқан жапырақты орманға айналдыруға болады? | Экосана
Елде орманды алқаптардың көлемі 5 пайызға да жетпейді. Осыны ескергеннен болар Президент 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырма берді. Содан бері 3 жыл өтті. Елдің барлық аймағында тал егіп, орманды алқаптардың санын көбейтуге басымдық беріліп келеді. Алайда кей аймақтарда көшет отырғызу қиынға соғады. Бұған климаттық ерекшеліктер мен топырақтың сортаңдануы себеп.