Бір жылда Ұлытау облысында не өзгерді? | Айтылды - орындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы жолдауында Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру тапсырмасы бойынша 3 жаңа облыс құрылған болатын. Соның бірі – Ұлытау облысы. Бұрынғы Жезқазған облысы 1997 жылдан бері Қарағанды облысы құрамында болып келген еді. Сонымен, Ұлытау жеке облыс болғалы қандай өзгерістер болды, соған тоқталайық.