Нефробластома балаларда кездесетін қатерлі ісіктердің бірі | Диагноз
Балалар арасындағы онкологиялық аурулардың ең кеңінен тараған түрлері лейкемия, бас миының қатерлі ісігі, лимфома, нейробластома және нефробластома болып табылады. Басқа қатерлі ісіктер сияқты нефробластоманың да нақты себебі белгісіз. Бірақ оның пайда болуына түрткі болатын экзогенді және эндогенді факторлар бар. Онкологтардың айтуынша, кейде инфекциялық аурулар кішкентай балалардың осы дертке шалдығуына әкеледі.