Жауапсыз риэлторға алданып қалмау үшін не істеу керек? | Жеке қаражат
Жауапсыз риэлторға алданып қалмау үшін не істеу керек? Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығында делдалдық қызмет көрсететін тұлғаларға заңнамалық деңгейде талаптар болмағандықтан, бұл нарық іс жүзінде реттелмейді, ал интернет зардап шеккендердің шағымдарына толып барады: олардың арасында қызметтері үшін ақысын ала алмай қалған риэлторлардың өздері де, сатып алушылар да бар. Бүгін біз сіздерге риэлтормен келісімшартта қандай тармақтардың болуы керектігін, қандай келісімшарттардан сақтану қажеттігін және қандай жағдайда серіктестіктен бас тарту керек екенін айтып береміз