Фармацевтикалық өнімдер өндірісі | Сала

Қазақстандық фармацевтер биылғы жылды өсімнен бастады. 2023 жылдың қаңтар айында 17 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Оның 15,7 млрд теңгесі тек дәрі-дәрмек болды. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 57,3%-ға артық. Айта кету керек, былтыр дәрілік емес препараттардың өндірісі 2,4 есе азайған.