Қазақстандықтарға сақтандырудың қандай түрлері қолжетімді? | Жеке қаражат
Қазақстандық компания Түркиядағы жер сілкінісі салдарына байланысты 1 млрд теңгеден астам ақша төледі. Мәселе мынада, біздің еліміздің сақтандырушылары бүкіл әлем бойынша сақтандыру фирмаларын жұмысқа тартатын түрік компанияларының серіктестері болды. Түркияда жер сілкінісінен міндетті сақтандыру бағдарламасы бар. Осы елдегі қайғылы оқиғадан кейін қазақстандықтар да түрлі ТЖ-дан сақтандыруға мән бере бастады. Бүгін шығарылымда біз мүлікті сақтандырудың, соның ішінде табиғи апаттардан қорғаудың ең негізгі әдістері туралы айтатын боламыз.