Астана, Қарағанды, Көкшетау қалаларында есірткі диллерлері ұсталды | Полиция KZ

Бүгінгі қоғамда есірткіге сұраныс жоғары. Ал сұраныс бар жерде ұсыныс та болады. Бірі оны тұтынуға асықса, енді бірі тасымалдап табыс тапқысы келеді. Есірткі диллерлері OLX сияқты жарнама сайттарында «аз ғана уақытта көп ақша табасың» деп жастарды есірткі жасыру жұмысына баурап алады. Есірткі таратқандарға жаза ауыр. Қылмыстық кодекстің 297 бабына сәйкес, 5 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру көзделген.