Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің мақсаты не? | Депутаттық сауал
Елжанды, ержүрек адамды, табанды күрескерді тәрбиелеудің негізі мектеп қабырғасында қаланады. Жоғарғы сынып оқушылары бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәні арқылы елдік пен ерліктің қадір-қасиетін танып біледі. Бұл пәннің міндеті де сол – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азаматтар даярлау.