Қашқын қылмыскерді қайтару ісі | Анығында
Беларусьте сотталған екі қазақстандық жазасын енді елде өтейді.
Бірі аса ірі көлемде пара бергені үшін бес жылға сотталса, екіншісі тонау және жеке құжаттарды ұрлағаны үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Беларусьтегі Бас Прокуратура еліміздің өтінішін қарастырып, азаматтарды Қазақстанға қайтарды. Қазір олар Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Шет елде жүріп жаза басқан, не қылмыс жасап шетке қашқандар қалай қайтарылады?