Биыл миллионнан астам қазақстандық алғаш рет декларацияны тапсыруы тиіс | Жеке қаражат
Биыл миллионнан астам қазақстандық алғаш рет декларацияны тапсыруы тиіс. Бұл кезең осы жылдың 1 қаңтарында басталды. Көптеген азаматтар өздерінің мүліктері туралы есеп беріп те жатыр, алайда бұл үдеріс кейбіреулер үшін қиындық тудырған. Егер декларация дұрыс толтырылмаған болса, салық органы оны бастапқыда қабылдамауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі шығарылымда Қазақстанда кірістер мен мүлік туралы есепті кімдер және қалай беретінін айтамыз.