2025 жылға қарай елдегі 95% ішкі жолдардың сапасын жақсарту міндеті тұр | Сала

2022 жылы Қазақстанда жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен салуға 370 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жалпы бұл жұмыстар 50-50 негізінде қаржыландырылған. Яғни, жарты ақша республикалық бюджеттен берілсе, қалған бөлігі жергілікті әкімдік тарапынан бөлінген. Осылайша, тас жолдардың 85 пайызы жаңғыртылған екен.