Мемлекеттің әлеуметтік саясатында не өзгереді? | Жеке қаражат
Қазақстанда сырқаттануына байланысты берілетін төлемдерді есептеудің тәртібі өзгертіледі. Тиісті заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатында тағы не өзгереді және олар нақты қашан қолданысқа енеді? Бұл туралы бүгінгі шығарылымда айтамыз.