Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн адамға жуықтады | Сала
Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны 9 млн адамға жуықтады. Жылдық өсім 1,7% жетті. Қалада екі қолға бір күрек тапқандардың қатары 4,6% өсіп, 5,5 млн адамға дейін көбейген. Қазақстандықтардың 5,5%-ы екі жерде жұмыс істесе, қалған 94,5%-ның негізгі жалғыз жұмыс орны бар екен.