Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі | Депутаттық сауал
Ұрпағына дұрыс тәрбие бере алмаған халық – тамырына құрт түскен ағаш секілді. Тамыры бүлінген ағаш шіриді, ұрпағы бүлінген халық іриді. Қыздың тәрбиесі бұзылса арсыздыққа, ұлдың тәрбиесі бұзылса бассыздыққа бой алдырады. Жасөспірімдер арасында жантүршігерлік тосын оқиғалардың соңғы уақытта тым жиілеп кеткені – мектептерде, отбасында, бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі мәселесі ақсап тұрғандығын көрсетеді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай бастаған бір топ халық қалаулысы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық оқиғалардың көбеюіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Бас Прокурор Берік Асыловтың атына депутаттық сауал жолдап, дабыл қақты.