Әлеуметтік әлсіз топтарға демеу көрсету күшейеді | Айтылды - орындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отырған 440 мыңға жуық отбасы бар. Қазіргі таңда аталмыш топты қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.