140 шақырымдық бәйге | Тайм-аут
140 шақырымдық бәйге. Иә, ат жарысының осындай да түрі бар. Біз қазір еліміздің шығыс бөлігінен, нақтырақ айтқанда, Абай облысына қарасты Ақуат ауылынан сөйлеп тұрмыз. Бұнда жыл сайын айтулы дүбірлі дода өтеді. Биыл оның барысын өз көзімізбен көріп, атмосферасын сезіп, сұхбаттар жазып, соның барлығын сіздердің назарға ұсынбақпыз.