Тәуелділікпен күрес қалай жүреді? | Диагноз
Астанада жеті мыңға жуық адам психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұр. Бұл алкогольді ішімдік, құмар ойындары мен есірткіге тәуелді азаматтар. Өмірде түрлі қиын жағдайға тап жандар қалалық психикалық денсаулық орталығына келіп, емделеді. «Диагноз» бағдарламасының бүгінгі санында біз тәуелділікпен күрес қалай жүретінін көрсетіп, лудомания туралы толығырақ тоқталамыз.