Қазақстанда фрилансерлердің қатары артып келеді | Сала
Қазақстанда фрилансерлердің қатары артып келеді. HeadHunter сервисінің деректері бойынша, былтыр өсім 142%-ды көрсетті. Ал фрилансерлердің жалпы санына келер болсақ, 230 мың адам ғана екен. Бұл елдегі барлық экономикалық белсенді азаматтардың тек 3%-ына ғана жетеді. Тағы 800 мың қазақстандық фрилансты жалдамалы жұмыспен бірге алып жүр. Мұндай деректерді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы келтіріп отыр.