44 сарбаз ауруханаға түсті
Көкшетауда 44 сарбаз ауруханаға түсті.
Ешқайсысынан короновирус дерті анықталған жоқ. Алайда бесеуінің ағзасынан "менингококк" табылды.
Мамандар шұғыл тағы 300-дей адамды тексерді.
"Менингококк" дертін жұқтырғандар саны көбеюі мүмкін, дейді дәрігерлер. Жұқпалы аурудың жаппай тарауының алдын алу мақсатында қазір әскери бөлімшеде шектеулер енгізілді.
Сарбаздардың көшелерді күзету кезекшілігі уақытша тоқтатылды.