Қазақстандық фармацевтика нарығы ТМД төңірегінде ең қарқынды даму үлгісін көрсетті

Былтыр бұнда 1,5 млрд доллардың тауары айналымда болған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға жоғары. Мұндай деректерді IQVIA халықаралық компаниясы келтіріп отыр. Қазіргі таңда қазақстандық фармацевтика нарығында 88 компания жұмыс істейді. Соның 32-сі дәрі-дәрмек өндірумен айналысады.