Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімі
Ұлықтау рәсіміне барлығы 3 000-ға жуық адам шақырылды.
Олардың ішінде Жоғарғы сот судьялары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік басқарудың орталық органдары басшылары, Үкімет мүшелері, жауапты хатшылар, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, діни конфессиялар өкілдері, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері, Орталық Сайлау комиссиясының мүшелері, Конституциялық Кеңес мүшелері, президенттікке кандидаттар, республикалық және өңірлік қоғамдық штаб, сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, Тұңғыш Президент мекемелері мен ұйымдарының жетекшілері, демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлтық коалициясы мүшелері, «Халық қаһарманы» және «Еңбек ері» атағы иегерлері, ел генералитеті, сенімді өкілдер, қоғамдық-саяси бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, көрнекті ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, республиканың іскер топтар өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары бар.
{youtube}nZDnglDXNtM{/youtube}