Жеке кәсіпкерлік нысанын қалай ашуға және тіркеуге болады?
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік нысандарының саны бір жылда 36%-ке өсті. Оған бірнеше негіз бар, солардың бірі – шағын компания ашу үдерісінің жеңілдетілуі. Әрі жеке кәсіпкерлердің салық төлемейтін үш жылдық жеңілдік мерзімінің өтуі де себеп болып отыр. Бүгінгі бағдарламада біз сіздерге жеке кәсіпкерлік нысанын қалай ашуға болатынын, жеке кәсіпкердің жұмысында қандай қиындықтар бар екенін және салық бойынша борышкер болмау үшін не білуіңіз керек екенін айтып береміз.