Киік көбейіп барады
Шаруалардың осылай деп дабыл қағып жүргеніне көп болды.
Тіпті оларды атып-жою қажет деген ұсыныс та айтылды. Бірақ ақбөкенді азайтамыз деп, оларға мылтық кезеу жөн бе? Жауаптылар келесі жылдан бастап дала еркесінің санын реттеуге бекініп отыр. Ал ол үшін қандай әдіс қолданылады? Аңшылыққа рұқсат берілсе, киіктің еті мен мүйізін қалай кәдеге жаратамыз?