Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспортын арттырды
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспортын жарты жылда 5% дейін арттырып, $2,5 млрд жеткізді. Мұндай деректерді ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады. Экспортталатын тауарлардың бестігіне бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа кірді.