Ең төменгі жалақы 2024 жылға қарай 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады

Ең төменгі жалақы 2024 жылға қарай 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл – Президенттің биылғы Жолдауында берілген тапсырмасы. Жаңашылдық екі миллионға жуық қазақстандықтың, оның ішінде 350 мың бюджет қызметкерінің әл-ауқатын арттыруы тиіс. Бүгінгі шығарылымда біз сіздерге ең төменгі жалақы қалай есептелетінін, оның мөлшері туралы не білуіңіз керектігін және Үкімет қандай өзгерістер ұсынатынын айтамыз.