Нарықтағы ойыншықтың бәрі жақсы емес

Бірі ми шынықтырса, енді бірі дене шынықтыруға бағытталған. Ойды дамытып, шығармашылық қырды ашатын және қиялға ерік беретін ойыншықтың түрі көп. Көздің жауын алатын балалар өнімінің құны көлемі мен сапасына қарай 100 теңгеден басталып, 1 млн 500 мың теңгеге дейін барады. Нарықта тек ойыншық сататын дүкендер жетерлік. Өкінішке қарай, ассортиментте отандық өнім жоқтың қасы.