Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған республикалық турнир

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындамыз. Бұнда еркін күрестен балалар үшін жылдың басты бәсекесі, яғни Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Биылға байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық бала жиналды және 3 күн бойы мықтыны анықтады. Бүгінгі бағдарламада жарыстың барысы және маңызы жайлы айтатын боламыз.