«Доктор Грин» Алматыдағы Non-Food ASIA EXPO көрмесінде өз өнімдерін ұсынды
Экологиялық таза тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын алғашқы Қазақстандық бренд "Доктор Грин" Алматыдағы Non-Food ASIA EXPO көрмесінде өз өнімдерін ұсынды. 2015 жылы құрылған компания Қазақстан экономикасында коммерциялық табыстың, тиімділіктің және қоршаған ортаға қамқорлықтың үлгісі ретінде ерекшеленеді. Еуропалық өндірістің компоненттерін пайдалана отырып, Доктор Грин әрбір қазақстандық үшін қолжетімді бағамен жоғары сапалы өнімдерді ұсынады. Бренд сертификаттармен расталған өнімдерінің экологиялық таза екеніне баса назар аударады.