Пусан қаласында «Сазген сазы» ансамблінің концерті өтті
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.
Қазақ өнерпаздарының кеші өткен залда6 бос орын болмады. Концертке жергілікті тұрғындар, қазақ диаспорасының өкілдері мен Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қатысты. Ол Алматы мен Пусан қалалары арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімнің, 1 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шараға еліміздің Бас консулдығы мен Пусан халықаралық ынтымақтастық қоры мұрындық болды.
Хван Ги Сик, Пусан халықаралық ынтымақтастық қорының бас хатшысы:
- Пусан мен Алматы арасында достық қарым-қатынас орнағанына бір жыл толды және осы концертпен біз табысты ынтымақтастығымызды қорытындыладық. Мен алдағы 10, 20 және 100 жылда достық қарым-қатынасымыз одан әрі тереңдей түседі деп үміттенемін.
Ким Бу Ген, Пусан қ. тұрғыны:
- Мен қазақ музыкасы концертіне алғаш қатысуым. Маған қатты ұнады. Әртістер корей әндерін де орындады. Осылайша қазақ пен корей мәдениетінің жақындығын сезіндік.
Күнайым Теміртасова, Ақтау қ. тұрғыны:
- Әдемі концерт болды. Керемет әсер алдық. Біздің бауырларымыз отандастарымыз келіп таңғалдырып отыр Корея халқысын. Осылай тек жұлдыздары жана берсін. Сазген сазы ансамблі тек өркейе берсін. Өте қуаныштымыз осындай концертке бүгін қатысқанымызға.