Өндірістік жарақат. Кім кінәлі?
Жылда өндірістік өңірлерде тіркелетін жазатайым оқиғалар көрсеткіші жақсармай тұр.
Өкініштісі сол, еңбек қауіпсіздігіне жауапты жұмыс берушілердің барлығы бірдей жазаға тартылмайды.
Былтыр өндірісте жарақат алғандардың тек 70 пайызы жұмыс берушінің кінәсін дәлелдей алды. Бұл мәселе 2030 жылға дейінгі салалық тұжырымдамада ескерілген.