Аққұм ауылы: Елдің назарын аударған бір сурет

2027 жылға қарай елдегі барлық мектеп жаппай жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пәрмен берді. Демек бұл іс кезекті күттірмейді. Қазірден қам-қарекет керек. Digital мектеп арнайы жобасы алдымен ауылдардағы білім ұялардың жай-күйін бағамдайды. Бұл жолы біз Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан облысына табан тіредік.