Жасанды интеллект: Игілігі мен қатері
Жасанды интеллекті генераторының көмегімен бүгінде қиялдағы дүниенің қисынын келістіріп, шығармашылықты одан әрі шарықтатуға болады.
Форд, БМВ, Феррари, Макларен сияқты көліктердің үлгісін ойлап тапқан Франк Стефенсон технологияның әлеуетін осылай бағамдап көрді. «Промтқа салған сауалдарымның жауабы таңқалдырады», -дейді ол. Сөйтіп атақты дизайнер көлік индустриясы жасанды интеллектіден не ұтатынын жіліктеп берді.