Қарқаралы төріндегі спорттық инфрақұрылым

Астанадан 450 шақырымдық жерде, Қарқаралыда Дәурен Сүлейменов есімді жаттықтырушы бар. Жас маман қаладағы жұмыстарын тастап, осында балаларды жаттықтырып жүр. Сол өрендер, яғни, жергілікті балалар мен жасөспірімдер қазір әртүрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүр және болашақтағы әлеуеттері де зор.