Елордалықтар ақпанда жылу үшін қазіргіден жоғары ақы төлейді

Жыл соңында өкілетті ұйым халықты құлақтандырды. Оған сай жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф Гкал-сына ҚҚС есепке алғанда 3 716,41 теңге болмақ. Мамандар тарифті өсіру мәселесін біраз уақыттан бері көтеріп келеді. Себебі желілерді жөндеу қажет. Оған 2 млрд теңге қаражат жұмсалады. Сондай-ақ, жұмысшылардың жалақысын арттыру міндеті тұр.