Қызылорда өңіріндегі ауыл мектептерінің жай-күйі қандай?
2027 жылға қарай елдегі барлық мектеп жаппай жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы осындай пәрмен берді. Демек бұл іс кезек күттірмейді, қазірден қам-қарекет керек. «Digital мектеп» арнайы жобасы алдымен ауылдардағы білім ұяларының жай-күйін бағамдайды. Бұл жолы біз Қызылорда өңіріне табан тіредік.