Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттар жер сілкінісіне шыдас бере ала ма?
Қазір әлемде сейсмикалық ахуал үдеп барады. Былтыр Түркия мен Сириядағы дүлей дүмпу дүниені дүрліктірді. Есті енді жиған сәтте жер сілкінісі Алматылықтардың зәре-құтын қашырды. Бір ай бұрын магнитудасы 5-тен жоғары зілзала тіркелді. Соның өзінде бірнеше ғимараттың қабырғасына сызат түсті.
Десек те кейінгі жылдары елде құрылыс компанияларына талап күшейтілді. Алайда сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттар жер сілкінісіне шыдас бере ала ма? Мамандарды мазалаған мәселе қандай ? Бұл сұрақтарға бүгінгі бағдарламада жауап іздейміз.