Ғалымдар біртұтас уақыт белдеуінің не үшін қажет екенін түсіндірді
- Бірінші наурыздан бастап еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бұл бірер күнде қабылданған шешім емес. Ғалымдар талай жылдан бері зерттеп, ғылыми тұрғыда дәлелденген бастама;
- Ұйқының адам ағзасына әсері зор. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіміздің бірден-бір себебі осы. Адам дер кезінде тынығып, уақытпен санасып өмір сүруі қажет;
- Деніміз сау болсын десек, ұйқыны дұрыстау керек. Ол үшін сағат тілі күннің шығуына қарай икемделуі тиіс.