Қ. Бозымбаев Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті

Азия даму банкінің қолдауымен «Ақтөбе-Мақат», «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ атаулы банк елімізде әйелдерге ипотекалық несие беру ісіне де бастамашылық жасап отыр. Бұл жайлы вице-премьер Қанат Бозымбаев пен  Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Утсав Кумармен кездесуде айтылды. Жиынға Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша департаментінің бас директоры Евгений Жуков та қатысты. Жүздесуде Сәтбаев, Жезқазған, Балқаш және Степногорск қалаларында кәріз тазарту қондырғысының құрылысын қаржыландыру жайы қаралды. Тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласындағы жаңа жобалары да талқылады.