Көзбояушылық жасағандар жауапкершілікке тартылады
Қарақшылық, ұрлық-қарлық пен вандализмге жол жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ішкі істер министрлігіне мұндай заңсыздықтардың жолын кесуді тапсырды. Сондықтан құзырлы орган ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшінің жолын кесуге міндетті. Экстремистердің, әсіредіншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс, деді. Бүгінде елімізде көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді.
Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыруымыз қажет. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді.