Батыс Қазақстандағы жөндеу жұмыстарының барысы: жол инфрақұрылымы қалай өзгеріп жатыр?
Батыс Қазақстан облысында биыл республикалық маңызы бар 236 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Ресей шекарасына шығатын «Чапай – Жалпақтал – Қазталов – РФ шекарасы» автожолының 17 шақырымында және Ақтөбе-Орал бағытындағы 39 шақырым учаскеде жұмыс жүріп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобада құрылыс алаңындағы жұмыстың барысын көріп, мердігерлер мен осы бағытпен тұрақты қатынайтын жүргізушілердің пікірін тыңдадық.