Орал қаласындағы зауыттардың бірінен адам денесі табылды
Орал қаласындағы зауыттардың бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды. Әзірге оның өліміне не себеп болғаны белгісіз. Полиция оның денесінде жарақаттар барын мәлімдеді. Аталмыш фактқа қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.