Қайтарылған жер ауыл азаматтарына әділ үлестіріле ме І Күн тәртібі І 22.06.2022
Соңғы екі жылда ауылшаруашылығындағы 8 млн-нан астам гектар жер кәдеге жарамай жатқаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тексерістің нәтижесінде 2 млн гектары мемлекеттің меншігіне қайтарылса, 3,5 млн-ға жуығын жер иелері игере бастады. Жайылым жетіспеген тұста жерді қайтару ұтымды шешім көрінгенімен, бұл өзі оңайлықпен атқарылатын шаруа ма?
– «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы
– Бос жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару
– Қайтарылған жерлерді ауыл азаматтарына әділ үлестіру
Спикерлер: Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» комитеті төрағасының орынбасары
Сағадат Дүйсенов ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басқарма басшысы
Күн тәртібінің екініші бөлігінде
– Тұрғын үйді басқарудағы мәселелер қашан шешімін табады?
– Мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) өту тиімді ме?
– МИБ-тің ПИК-тен айырмашылығы қандай? – деген сауалдар көтерілді.
Спикерлер: Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының төраға орынбасары
Қазыбек Шайх, «ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ ӨРҰ басшысы
Марғұлан Әбдікәрімов, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» Акционерлік қоғамының төраға орынбасары
Еркебұлан Көшкінбай, «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ Сарыарқа ауданы инспекциясы бөлімінің басшысы
Еркебұлан Мыңжасар, Меншік иелері Бірлестігі қауымдастығының мүшесі