Жердің тоңы толық қатқан жоқ
Бұрқасын соғып, кей аймақтарда әлсін-әлсін қар жауып, қыс ортасына ауса да, жерге әлі толық тоң қатқан жоқ.
Қазіргі ең максималды көрсеткіш 87-112 см аралығында. Бұл Қостанай, Ақтөбе, Абай және Павлодар облыстарындағы жағдай. Оңтүстікте, яғни Түркістан мен Қызылорда облыстарында топырақ әлі қатпаған. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, былтыр бұл уақытта жердің тоңы әлдеқайда қалың болатын.
Камар Салиева, агрометеорологиялық болжау басқармасының бастығы:
-2023 жылы 31 желтоқсанда Павлодар облысында топырақтың қатуы 150-100 см-ге дейін жеткен. Топырақтың қатуы жалғасады және қыс бойы температура мен қар жамылғысының қалыңдығына байланысты болады. Топырақтың қату тереңдігі максималды мәндерге әдетте ақпанның соңы мен наурыздың басында жетеді.