Елімізде суды қайта пайдалану жүйесі енгізіледі
Елімізде суды қайта пайдалану жүйесі енгізіледі. Еліміздің су әлеуетін сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатымен жаңа кодексте оларды қорғауға басымдық берілген. Суды сақтау үшін су объектілерінде қалуы керек су көлемі «экологиялық ағын» түсінігі енгізіледі. Бұл ретте суды пайдалану лимиттерін анықтау механизмі қайта қаралып, ол экологиялық шығынды анықтағаннан кейін қалған су көлемі шегінде есептелетін болады. Бұл ретте елдің су әлеуетін толықтыру және сақтау үшін балама су көздері, соның ішінде еріген, тасқын және тазартылған сарқынды сулар жинақталып, пайдаланылады. Жаңа Су кодексі күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде суды қайта пайдалану немесе айналма сумен жабдықтау жүйелерін 5 жылға кезең-кезеңімен енгізу жоспарларын әзірлеу талап етілді.