Ауыз су тапшылығының ақыры неге апарады? | Күн тәртібі | 23.06.2022

Қазақстанда жарты миллион адам таза ауыз суға жарымай отыр.

Бұл аптада өткен Парламенттік тыңдауда осындай байлам жасалды. Былтырғы Жолдауында мемлекет басшысы 5 жылда халықты 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған еді. Бүгінде 1500-ден астам ауылда таза судың тапшылығы сезіледі. Енді президент жүктеген міндетті 2026 жылға дейін орындау мүмкін бе?