Мәжілістегі мәселелер «Күн тәртібінде» талқыланды

Талқыланған тақырыптар:

Халықаралық су ағындарын пайдалану туралы;

Электромобильдер инфрақұрылымын дамыту;

Медициналық бұйымдар айналысы.

Студия қонақтары:

Мақсат Жақау, саясаттанушы

Жанерке Қайратқызы, Еуразия гуманитарлық зерттеулер институты директорының орынбасары:

 

Бүгін Мәжіліс мынадай жаңа заң жобаларын жұмысқа алды:

Мәжіліс комитеттері «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасын, Құрылыс және Су кодекстерінің жобасын, сондай-ақ 10 жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олардың қатарында:

– Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер;

– Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  мәселелері  бойынша заң жобасы;

– Дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасы;

– ҚР аумақтық қорғанысы туралы заң жобасы мен ілеспе түзетулер;

– 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың Одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігіне өзгерістер енгізу туралы ратификациялық хаттама;

– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы;

– Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы;

– 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге түзету енгізу туралы ратификациялық хаттама.