«Таза Қазақстан». Науқаннан нақты іске дейін

Спикерлер:

Мансия Есекеева, ҚР МАМ ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы;

Марат Байтүгелов, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы;

Асыл Оқапова, «STOP MUSOR» жобасының менеджері;

Арайлым Сапарәлі, "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы;

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына:

20 күнде – 1 млн-нан аса адам қатысты;

5 мың – шара ұйымдастырылды;

Еліміз бойынша – 330 мыңнан астам көшет отырғызылды;

500 – саябақ пен алаң абаттандырылды;

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы:

Бірінші апта «Таза өлке» – тұрғындар өз аула-жайларын тазалады;

Екінші апта «Киелі мекен» – қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыруға бағытталды;

Үшінші апта «Жасыл аймақ» – ағаш егу жұмыстары жүргізілді;

Төртінші апта «Өнегелі ұрпақ» – ардагерлер мен қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды;

Бесінші апта «Мөлдір бұлақ» – өзен-көл жағасы тазартылады;

Белгіленбеген жерге қоқыс тастағандар үшін:

Айыппұл сомасы екі есе ұлғайды

Жеке тұлғалар 50 АЕК - 369 200 теңге (бұрын 184 600 теңге болған)

Заңды тұлғалар 738 400 теңге төлеуге міндетті (бұрын 369 200 теңге болған)