Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама басталады
Спикерлер:
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті сенатының депутаты;
Үміт Бүрдесбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагог-психологы;
Гүлайым Антаева, заңгер:
Жібек Нұржан ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы;
Айжан Дәрібаева, адвокат;
Тоғжан Қайыңбекова, психолог;
Жасөспірімдердің шамамен 17,5% буллинг құрбаны:
6,8% - айына 2-3 рет әлімжеттікке ұшырайды;
11-15 жастағы балалардың 14,1% буллингке қатысқанын мойындайды;
Ұлдардың - 12%;
Қыздардың - 4% төбелеске қатысады;
Қазақстандағы әрбір сегізінші оқушы мектепте буллингтен зардап шегеді.
Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа заңда:
Буллинг, кибербуллинг жасағаны үшін ескерту жасалады не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл;
Бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса - 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың ата-анасына не оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасалады не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Буллинг жағынан көш бастап тұрған өңірлер:
Түркістан облысы
Алматы облысы
Қызылорда облысы
Жамбыл облысы
Алматы қаласы